ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Бүгін аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Б.Макеевтің төрағалығымен қоғамдық кеңесінің  отырысы өтті.  

Қоғамдық кеңес мүшелері  2025-2027 жылдарға арналған аудандық  бюджетіне өзгерістер енгізу туралы баяндаманы тыңдап, мақұлдады

  2026-2028 жылдарға арналған аудандық, Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджетері туралы мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндады. Бөлім басшысы қоғамдық кеңес мүшелеріне аудан бюджетінің негізгі параметрлерін жан-жақты түсіндіріп, оның қалыптастыру тәртібі мен шығыс бағыттарына жеке-жеке тоқталып өтті.

2026–2028 жылдарға арналған ауданның жалпы сипаттағы трансферттерінің болжамды көлемдері, оларды есептеу әдістемесі және күтілетін қаржыландыру көздері туралы толық ақпарат берді.

Сонымен қатар, кеңес мүшелері Бөрлі ауданының  2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын, Бөрлі ауданында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны  қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын талқылап, құқықтық актілер жобаларын мақұлдады.

Отырыс соңында, кеңес мүшелері 2026 жылға арналған Қоғамдық кеңесінің жұмыс  жоспарын бекітті.

Отырысқа  мәслихат төрағасы К.Ермекбаев, аудан әкімінің орынбасары А.Тукжанов,  бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.