
Мәслихат төрағасы К.Ермекбаев аудандық мәслихаттың кезектен тыс 30-сессиясын өткізді.
Сессия күн тәртібіне сәйкес, депутаттар, 2025-2027 жылдарға арналған аудан, қала және ауылдық округ бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонованың баяндамасын тыңдап, талқылады.
Сессия барысында, депутаттар бірқатар маңызды мәселелерді қарап, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдады:
Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы №11-3 «Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Аудан әкімдігі және полиция бөлімінің қызметін бағалау критерийлерін бекіту туралы;
Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы;
2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10-16 «Аумақтық (аудандық) сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2023 жылғы 17 қаңтардағы №25-17 «Аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10-17 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия жұмысына аудан әкімі Е.Ихсанов, Бөрлі ауданының прокуроры Н.Мұсағалиев, полиция бөлімінің бастығы С.Шалдарбеков, облыстық мәслихатының депутаты А.Агаев, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия барысы Fasbook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.