Бүгін Бөрлі аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы Б.Б.Макеевтің төрағалығымен өтті

Бүгін Бөрлі аудандық  қоғамдық кеңесінің отырысы Б.Б.Макеевтің төрағалығымен өтті

Бүгін Бөрлі аудандық  қоғамдық кеңесінің отырысы Б.Б.Макеевтің төрағалығымен өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Д.Б.Имашев, мәслихат төрағасы Қ.Т.Ермекбаев, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Отырыста аудандық, қала және ауылдық округ бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланып, қоғамдық кеңес мүшелері шешім жобаларын  бірауыздан қолдады.

Сонымен бірге, ауылшаруашылық бөлімі мен Пугачев ауылдық округ әкімі аппаратының атқарған жұмыстары мен мемлекеттік қызметтері туралы мәселелер бойынша ақпараттар тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелері мал азығы, тракторист-машинист және арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктердің берілуі, «Батысагрохаб» орталығының құрылысы жөнінде мәселелр көтеріп, жауаптар алды.

Аудан әкімінің орынбасары Д.Б.Имашев сөз алып, қаралған мәселелердің маңызыдылығына тоқталды.