Бүгін Бөрлі аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті

Бүгін Бөрлі аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті

Бүгін Бөрлі аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Д.Имашев,бөлім басшылары,қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Сессияда аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонованың аудандық,қала және ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау бойынша баяндамасы тыңдалып,депутаттар шешім қабылдады. Келесі Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы №8-7 «Бөрлі аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешімін жою туралы» аппарат басшысы Б.Мукашева баяндама  жасап, депутаттар бірауыздан қолдады.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, күн тәртібіндегі «2025-2027 жылдарға арналған Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесін қарау үшін мәслихат сессия жұмысына үзіліс жариялады.

 Сессия тікелей онлайн режимінде көрсетілді.