Депутаттар аудандық мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарын тексерді

Депутаттар аудандық мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарын тексерді

Мәслихат депутаттары аудандық мәдениет үйінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Тексеру барысында ғимараттың құрылыс-жөндеу барысы, пайдаланылатын материалдардың сапасы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және мердігер мекемелердің жұмыс кестесіне сәйкестігі қаралды. 

Депутаттар жөндеу жұмыстарын бақылауды жалғастыру, сондай- ақ объектіні белгіленген мерзімде тапсыру бойынша ұсыныстар берді.