Пугачев ауылындағы мектеп құрылысы бақылауда

Пугачев ауылындағы мектеп құрылысы бақылауда

Бөрлі аудандық мәслихатының депутаттары Пугачево ауылында салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысының барысымен танысып қайтты.

 

Құрылыс барысы

Аталған нысанның құрылысын «ЖайықСити» ЖШС мердігер компаниясы жүргізуде.

 Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 60 пайызы аяқталған.

 Жұмыстар жоспарға сай қарқынды жүруде.

 

Құрылыс алаңында депутаттар:

Жұмыстың сапасына байланысты ұсыныстарын жеткізді

Қалған жұмыстардың уақытылы әрі сапалы аяқталуына тілектестік білдірді

Қауіпсіздік техникасының сақталуына назар аударды