ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Мәслихат депутаттары Ақсай қаласының 10 шағынауданында орналасқан жылыту қазандықтың жұмысымен танысып, нысанның техникалық жағдайын және алдағы жылыту маусымына дайындығы бойынша жүріп жатқан жұмыстарды қарап шықты. Жұмыс барысында халық қалаулылары жылу жүйесінің ахуалына, жабдықтардың тозу деңгейіне және қауіпсіздік талаптарының орындалуына ерекше назар аударды. 

Қазіргі таңда екі қазандық жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмыстары шілде айының соңында аяқталады деп күтілуде. Қазандыққа су сапасын жақсарту мақсатында су жұмсартқыш құрылғы мен арнайы сүзгілер орнатылды. Бұл жүйе жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартуға және тұрғындарға жеткізілетін жылу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.        

Депутаттар тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз ету - басты міндет екенін атап өтіп, жауапты мамандарға тиісті ұсынымдар берді.

 Сонымен қатар, депутаттар 10 шағынауданында салынып жатқан 9-қабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысты.