2025 жылдың 26 маусым күні Бөрлі аудандық мәслихатының бір топ депутаттары Ақсай қаласы бойынша 2025 жылы атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін қаланы аралады

2025 жылдың 26 маусым күні Бөрлі аудандық мәслихатының бір топ депутаттары Ақсай қаласы бойынша 2025 жылы атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін қаланы аралады

2025 жылдың 26 маусым күні Бөрлі аудандық мәслихатының бір топ депутаттары Ақсай қаласы бойынша 2025 жылы атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін қаланы аралады. 

10 шағын ауданында салынып жатқан (Кеды) демалыс алаңына барып, Ақсай қаласы әкімінің орынбасары Б.Губаевпен және “Дим Айс” ЖШС мердігер компаниясы өкілдерімен кездесті. Қазіргі таңда демалыс алаңында балаларға, жасөспірімдерге, ересек адамдарға арналған аймақтар бөлініп, құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жобаның жалпы құны сексен сегіз миллион теңгені құрайды, жұмыстарды аяқтау шілде айынын соңына дейін жоспарлануда. 

Депутаттар тарапынан қосымша жарықтандыру орнату ұсынылды және демалыс алаңының қасында орналасқан электр қорабын қоршап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттелді.