Бөрлі аудандық мәслихатының төрағасы К.Т. Ермекбаев бастаған облыстық және аудандық мәслихатының депутаттарынан құрылған жұмыс тобы, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары М.Д.Залмуканов, аудандық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің, мердігер компаниялар өкілдерінің қатысуымен Теректі – Ақсай жолының жағдайын тексеруге шықты.
2023 жылы Пепел разъезінен бастап сегіз шақырым жолды “Елжас” ЖШС-і орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қалған жиырма екі шақырымдай жолды “ДСК Приоритет” ЖШС-і жасауда. Бұл жолды жөндеуді тапсырыс беруші БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы болып табылады.
Қазіргі таңда, Пепел разъезінен бастап бір шақырымдай жолдың бөлігі бұзылғандықтан, жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Депутаттар облыс тұрғындары үшін бұл жолдың маңыздылығын ескере отырып, тапсырыс беруші мен орындаушыларға жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, бақылауға алуды ұсынды.