2025 жылдың 27 мамыр күні Бөрлі ауданының Қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті

2025 жылдың 27 мамыр күні Бөрлі ауданының Қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті

2025 жылдың 27 мамыр күні Бөрлі ауданының Қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті. Отырысқа Бөрлі аудандық мәслихатының төрағасы К.Ермекбаев Бөрлі ауданы әкімінің орынбасарлары Д.Имашев,М.Нурмаков, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Отырыста аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова " 2024 жылға арналған Бөрлі аудандық бюджеттің орындалуы туралы", " 2025-2027 жылдарға арналған аудан, Ақсай қаласы мен ауылдық округтердің бюджеті туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" мәселесі бойынша баяндама жасады. 

Келесі аудандық білім беру бөлімінің "Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды ЖББОМ тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" аудан әкімінің қаулы жобасымен білім беру бөлімінің бас маманы Ж.Умирханова таныстырып, кеңес мүшелері  К.Ермекбаев, А.Идгеева, Т.Казжанов баяндамашыға сұрақтарын қойып жауаптарын алды.Бөрлі ауданының ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің "Қарақұдық ауылына кіреберіс автомобиль жолын ағымдағы жөндеу" мәселесі бойынша бөлім басшысы Б.Карагойшиннің ақпараты тыңдалып, Қоғамдық кеңесінің келісімі берілді. 

Сонымен қатар Достық, Қарағанды ауылдық округі әкімі аппаратының атқарған жұмысы мен көрсететін мемлекеттік қызметтері туралы округ әкімдері баяндады. 

Күн тәртібіндегі соңғы  сұрақ "Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы # 24-5 " Бөрлі ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" шешімін жою туралы мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Л.Букушева таныстырды.

Отырыс соңында аудан әкімінің орынбасары Д.Имашев сөз алып, қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып,кеңес мүшелері көтерген сұрақтар мен ұсыныстарын назарға алатындығын жеткізді.