Хабарландыру

Хабарландыру

 

 

VIII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындары

НАЗАРЫНА!

 

            2025 жылғы 28 наурызда VIII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті XХХІ сессиясы сағат 10:00-де аудан әкімдігінің кіші залында (Тәуелсіздік көшесі, 69) өтеді.

Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:

 

1. Бородулиха аудандық бюджетінің 2024 жылға атқарылуы туралы есепті бекіту туралы.

2. Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылғы Бородулиха ауданының жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы.

3. Бородулиха ауданының ауылдық және кенттік округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы 2024 жылғы есептерді бекіту туралы.

4. Бородулиха ауданының полиция бөлімінің құқық қорғау қызметі, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күресті күшейту саласындағы жұмысы туралы.

5. Бородулиха ауданының аумағында су тасқынына қарсы       іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы.

6. 2024 жылы атқарылған жұмыстар және 2025 жылға жоспарланған жұмыстар туралы.

7. Әртүрлі.

 

Бородулиха аудандық

мәслихат төрағасы                                                         С. Урашева