Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVI сессиясы өтті

Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVI сессиясы өтті

2026 жылғы 5 наурызда Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы VIII шақырылымдағы Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVI сессиясын онлайн форматта өткізді.

Күн тәртібіне сәйкес, сессия барысында келесі мәселелер қаралды:

2026 жылға Бородулиха ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, сондай-ақ ауыл, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы;

Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 27-2-VII «Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-21-VIII «Бородулиха ауданының аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Қаралған барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.