
Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының қалған өкілеттік мерзіміне кеткендердің орнына аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихаты аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін шығып қалғандардың орнына, қалған өкілеттік мерзіміне сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 24 сәуірге дейін Бородулиха аудандық мәслихатына келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партиянының, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Бородулиха аудандық мәслихатына қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен куәландырылып, орындалған күні көрсетіліп, орындаушы туралы белгісімен, оның тегі, аты-жөні (инициалдары) және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Бородулиха аудандық мәслихатына қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, Орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Бородулиха аудандық мәслихатына қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен куәландырылып, орындалған күні көрсетіліп, орындаушы туралы белгісімен, оның тегі, аты-жөні (инициалдары) және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Аумақтық сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 24 сәуірге дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Бородулиха аудандық мәслихаты
Урашева Сәуле Тұрсынқызы - Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69.
Жауапты тұлға - Щербакова Елена Викторовна, № 14 кабинет, телефон 87235122142, 87775784041, факс 87235122044, электрондық пошта мекенжайы: boromaslihat@mail.ru.