
Конференция жұмысына Бородулиха ауданының әкімі Айдар Маратович Ибраев, аудандық мәслихат төрағасы Сауле Турсыновна Урашева қатысты.
Сондай-ақ шараға «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Эльдар Толегенович Конорбаев, ардагерлер кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, ауданның ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері, жұртшылық өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Күн тәртібіне сәйкес конференция барысында аудан әкімі Ибраев Айдар Маратұлы құттықтау сөз сөйледі. Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рахимов Жұмағали Жарихманұлының «2023–2025 жылдар аралығындағы аудандық Ардагерлер кеңесінің жұмысы туралы» есебі тыңдалды. Сондай-ақ Новодворовка және Дмитриевка ауылдық округтері Ардагерлер кеңестерінің төрағаларының есептері қаралды.
Бородулиха аудандық Ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Абай облысы бойынша «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің съезіне делегаттар сайланды. Сонымен қатар аудандық Ардагерлер кеңесінің бірінші ұйымдастыру Пленумы өткізіліп, онда президиум мен аудандық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары сайланды.
Іс-шара соңында аудандық мәслихат төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдірді. Бұл кездесу атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, алдағы жоспарларды бірлесіп талқылауға арналған маңызды алаң екенін атап өтті.
Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі алдағы референдум туралы ақпарат беріп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамаларын қолдаудың маңыздылығына тоқталды. Азаматтық ұстанымды білдіріп, еліміздің дамуына өз үлесін қосуға шақырды.
Жиын соңында баршаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық, отбасы жылуы мен жақын жандардың қамқорлығын тіледі.