
Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының қалған өкілеттік мерзіміне кеткендердің орнына аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін шығып қалғандардың орнына, қалған өкілеттік мерзіміне сайлау туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 1 наурызға дейін Бородулиха аудандық мәслихатына келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері Бородулиха аудандық мәслихатының сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Бородулиха аудандық мәслихатына қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, Орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 1 наурызға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Бородулиха аудандық мәслихаты
Урашева Сәуле Тұрсынқызы - Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69.
Жауапты тұлға - Щербакова Елена Викторовна, № 14 кабинет, телефон 87235122142, 87775784041, факс 87235122044, электрондық пошта мекенжайы: boromaslihat@mail.ru.
Бородулиха аудандық мәслихаты 19 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:
|
Сайлау комиссиясының нөмірі |
Объектінің атауы |
Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы |
комиссия мүшелерінің саны |
Комиссия құрамынан шыққан мүшелер саны |
||
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
287 |
«Н.Островский атындағы орта мектеп» КММ ғимараты |
Бородулиха |
Ф.Середина |
35 |
7 |
1 |
|
289 |
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысы Полиция департаментінің Бородулиха ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Бородулиха |
Мира |
14 |
5 |
1 |
|
293 |
«Қамышенка орта мектебі» КММ ғимараты |
Камышенка |
Школьная |
58 |
7 |
1 |
|
296 |
«Абай облысы Бородулиха ауданының Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты» ММ ғимараты |
Бек-Карьер |
Дом Литвиненко И.А. |
21 |
5 |
1 |
|
297 |
«Шелехов орта мектебі» КММ ғимараты |
Шелехово |
Школьная |
42 |
5 |
3 |
|
299 |
«Ауыл бастауыш мектебі» КММ ғимараты |
Аул |
1 Мая |
52 |
5 |
1 |
|
301 |
«Абай облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің мәдениет үйі» КМҚК ғимараты |
Ивановка |
1 Мая |
77 |
7 |
4 |
|
302 |
Березовка ауылдық клубының ғимараты |
Березовка |
Дом |
1 |
5 |
3 |
|
305 |
«Орлов бастауыш мектебі» КММ ғимараты |
Орловка |
Школьная |
15а |
7 |
1 |
|
306 |
«Жезкент орта мектебі» КММ ғимараты |
Жезкент |
Д.Қонаева |
8 |
7 |
3 |
|
308 |
«Абай облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округінің мәдениет үйі» КММ ғимараты |
Жезкент |
Сахарова |
1а |
7 |
1 |
|
312 |
«Т.Аманов атындағы орта мектеп» КММ ғимараты |
Петропавловка |
Б.Агиманова |
80 |
7 |
2 |
|
322 |
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ ғимараты |
Боровлянка |
Центральная |
1 |
5 |
1 |
|
324 |
«Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» КМҚК |
Красный Яр |
Ленина |
33 |
5 |
1 |
|
325 |
«Уба-Форпост орта мектебі» КММ ғимараты |
Уба-Форпост |
Ленина |
26 |
5 |
1 |
|
326 |
«Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет үйі» КМҚК |
Буркотово |
Советская |
14 |
5 |
1 |
|
327 |
«Сахновка ауылының негізгі орта мектебі» КММ ғимараты |
Сахновка |
Сахновская |
50 |
5 |
2 |
|
328 |
«Песчанка орта мектебі» КММ ғимараты |
Песчанка |
С.Бурлаченко |
120 |
7 |
1 |
|
329 |
«2-ші Пятилетка орта мектебі» КММ ғимараты |
Жарбұлақ |
Школьная |
22 |
5 |
1 |