
Соңғы уақытта тұрғындардан пәтерлер мен әлеуметтік нысандардағы температураның ауытқуына қатысты өтініштер түсе бастады, сондықтан жағдайды жан-жақты зерделеу маңызды болды.
Екі балабақшаға, екі мектепке, дәрігерлік амбулаторияға бардық. Температуралық режимді тексеріп, жылыту құралдарының жұмысын қарап шықтық, ұжымдармен әңгімелестік. Сонымен қатар пәтерлердегі температура қандай екені, тәуліктің әртүрлі уақытында жылу қалай сезілетіні туралы да жеке сұрастырдық.
Кентті жылумен қамтамасыз етуді «Востокэнерго» ЖШС жүзеге асырады. Кәсіпорын басшылығымен кездесіп, қазіргі жағдайды, тұрғындардың өтініштерінің себептерін және алдағы іс-қимылдарды талқыладық.