|
VIII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихат депутаттарының
және аудан тұрғындарының
НАЗАРЫНА!
|
|
VIII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс XХХVII сессиясы 2025 жылғы 03 қарашада сағат 10:00-де онлайн режимінде өтеді.
|
Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:
- Абай облысы Бородулиха ауданының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы.
- Бородулиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жиналу нормаларын бекіту туралы.
- Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.
Бородулиха аудандық
мәслихат төрағасы С. Урашева