Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті XXXIII сессиясы өтті
2025 жылғы 25 маусымда Бородулиха аудандық мәслихатының төрайымы - Урашева Сәуле Тұрсынқызы VIII шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті XXXIII сессиясын өткізді.
Сессия жұмысына Бородулиха ауданының әкімі Ыбыраев Айдар Маратұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары, дербес бөлімдердің басшылары, ауылдық және кенттік округтердің әкімдері, ауданның Қоғамдық кеңесінің мүшелері, Жастар мәслихатының депутаттары, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Күн тәртібінде аудан әкімі Ыбыраев Айдар Маратұлының жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды.
Айдар Маратұлының есебі аяқталғаннан кейін аудандық мәслихаттың депутаты Виктория Анатольевна Мокроусова сөз сөйледі. Виктория Анатольевна өз сөзінде ауданда атқарылған және жасалып жатқан жұмыстардың барлығы - атқарушы және өкілетті биліктің бірлескен жұмысының үлгісі екенін атап өтті. Бұл факт ауданды одан әрі дамытудың және оның тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудың басты шарттарының бірі болып табылады. Аудан әкімінің есебін бекітуді ұсынды.
Абай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы Бородулиха ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Айгүл Темірбекқызы Айнабековаға баяндады.
«Бородулиха ауданында өртке қарсы қауіпсіздік бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» ақпаратпен облыстың Төтенше жағдайлар департаменті Бородулиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әлішер Нұғманұлы Жұмабеков сөз сөйледі.
Жастарды жұмыспен қамту туралы Бородулиха ауданының Жастар ресурстық орталығының басшысы Хасенова Диляра Құмарғалиқызы есеп берді.
Сондай-ақ бекітілген күн тәртібіне сәйкес сессия жұмысы барысында Қазақстанның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманының ақпараты тыңдалды.