Мемлекет басшысының бастамасымен бүкіл Республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізіліп жатқаны белгілі, оның мақсаты табиғаттың ластануы, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және қорғау, қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру мәселелеріне халықтың назарын аудару болып табылады.
«Таза Қазақстан» акциясы әрбір қазақстандыққа өзінің маңыздылығын және еліміздің дамуына қосқан үлесін сезінуге мүмкіндік береді. Адамдар өз күш-жігерінің нәтижесін көргенде - өзендердің тазартылған жағалаулары, жиналған қоқыс пен таза саябақтар - бұл өз еліне қанағаттанушылық пен мақтаныш сезімін қалыптастырады. Табиғат алдындағы жауапкершілік әрбір азаматтың парызы болып табылады.
2025 жылғы 12 маусымда Бородулиха аудандық мәслихатының төрайымы Урашева Сәуле Тұрсынқызы және аудандық мәслихат аппаратының ұжымы Михайличенков ауылындағы көшпелі сенбілікке қатысты.