Семейде «AMANAT» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XI конференциясы өтті
Бүгін Семей облысында Абай аудандық мәслихатының төрайымы Урашева Сәуле Тұрсынқызы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XI конференциясына қатысты. Іс-шараға «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, барлық деңгейдегі депутаттар, сондай-ақ филиалдардың, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия мүшелері қатысты.
Конференция барысында облыстық филиалдың жаңа төрағасы сайланды. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл лауазымға бұрын облыстың ішкі саясат басқармасын басқарған Айдар Садырбаев тағайындалды.