2025 жылы 25 маусымда VIII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті XХХIII сессиясы сағат 10:00-да аудан әкімдігінің үлкен залында (Тәуелсіздік көшесі, 69) өтеді.
|
Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:
- Бородулиха ауданы әкімінің жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ АХАТ бөлімі көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы.
- Бородулиха ауданында өртке қарсы қауіпсіздік бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
- Жастарды жұмыспен қамту туралы.
- Бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту, секцияларды ұлғайту серпіні, халықты қамту.
- Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп.
Баяндамашы: Апенов Кималидин Сағалбайұлы -депутат, тұрақты комиссияның төрағасы.
- Әртүрлі.
Бородулиха аудандық
мәслихат төрағасы С. Урашева