
Бородулиха ауданындағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы қаралды
Абай облысы білім басқармасының мамандары Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын зерделеді.
Жұмыс сапары аясында М. Әуезов атындағы орта мектепте жылу трассасын жөндеу жұмыстарының барысы қаралса, Коростели, Ә. Бөкейханұлы атындағы, Михайличенково, Сахновка және Краснополь орта мектептерінде жылу қазандықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығы бағаланды.
Іссапар барысында білім бөлімінің басшысы мен мектеп басшылары нысандардағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі, жылыту жүйелерінің дайындығы және жаңа оқу жылын сапалы ұйымдастыруға бағытталған шаралар жөнінде ақпарат берді.
Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған мәселелер назарға алынып, оларды уақытылы шешу және білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына толық дайын болуын қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Абай облысы білім басқармасы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстайды.
//
Специалисты департамента образования региона Абай изучат подготовку нескольких образовательных организаций к новому учебному году во время рабочей визиты в район Бородулика.
М во время рабочей поездки. Учитывая прогресс ремонта тепловой линии в старшей школе, названной в честь Аuezова, Коростели, А. Подготовка тепловых котлов для предстоящего сезона отопления была оценена в средних школах, названных в честь Бокикиханули, Михаиличенков, Сахновки и Краснопол.
Во время деловой визита руководитель департамента образования и директоры школ сообщили о текущей работе в инфраструктуре, состоянии инженерной инфраструктуры, подготовке систем отопления и мерах, направленных на организацию нового учебного года с высоким качеством.
Проблемы, выявленные в результатах мониторинга, были учтены, соответствующие задачи были предоставлены для их решения в своевременном порядке и для обеспечения того, чтобы образовательные учреждения были полностью готовы к новому учебному году.
Департамент образования региона Абай постоянно следит за работой, направленной на укрепление материальной и технической базы образовательных организаций и создание безопасного образовательного окружения.