ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ САЙҚЫН АУЫЛЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ.

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ САЙҚЫН АУЫЛЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың                3 наурызындағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сай, бекітілген кесте бойынша жергілікті әкімдердің ауыл тұрғындарымен кездесулері жалғасуда.

   Бүгін аудан орталығы Сайқын ауылында өткен кездесуге аудан әкімі Н.Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Л.Қайырғалиева, жауапты мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары мен ауыл тұрғындары қатысты.

   Кездесуде аудан әкімі Нұрлыбек Даумов пен ауылдық округ әкімі Шыңғыс Абдуллин 2025 жылдың есепті кезеңінде өздеріне тиесілі әкімшілік-аумақтық бөліністің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, алда тұрған мақсат-міндеттері жөнінде тұрғындарды хабардар етіп, кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Көтерілген сұрақтардың басым бөлігі жол, баспана, жер қатынастары мәселелері жайында болды.

   Кездесу соңында аудан әкімі, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттары, құзырлы мекеме басшылары ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.