ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР 14-МАМЫР КҮНІ БИСЕН, МҰРАТСАЙ АУЫЛДАРЫНДА ЖАЛҒАСТЫ.

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР 14-МАМЫР КҮНІ БИСЕН, МҰРАТСАЙ АУЫЛДАРЫНДА ЖАЛҒАСТЫ.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 3 наурызындағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сай, бекітілген кесте бойынша жергілікті әкімдердің ауыл тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Бисен және Мұратсай ауылдарында өткен кездесулерге аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуов, жауапты мекеме басшылары, мәслихат депутаттары мен ауыл тұрғындары қатысты.

    Кездесулерде аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдері 2025 жылдың есепті кезеңінде өздеріне тиесілі әкімшілік-аумақтық бөліністің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, алда тұрған мақсат-міндеттері жөнінде тұрғындарды құлағдар етіп, кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Көтерілген сұрақтардың басым бөлігі жолдарды жөндеу, киік, құрылыс мәселелері жайында болды. Кездесу соңында жеке мәселелер бойынша қабылдау өтті.

   Есептік кездесулер 15 мамыр күні Хан ордасы ауылында жалғасын табады.