АУДАНЫМЫЗҒА ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕЛЕРІ КЕЛДІ

АУДАНЫМЫЗҒА ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕЛЕРІ КЕЛДІ

Бүгін аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен арнайы жиын өтті. Жиынға Орал қаласынан ауданымызға арнайы сапармен келген облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Атауов, облыстық қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жастар мәселесі бойынша комиссиясының төрағасы Элгун Джаналиев, аталмыш кеңестің тұрғындардың әлеуметтік мәселелері бойынша комиссиясының төрағасы Нұрлан Сәдір, құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы Манарбек Ғабдуллин, қоғамдық кеңестің хатшысы Аңсар Неғметуллин, сондай-ақ аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесов, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

   Жиынға қатысушылар облыстық қоғамдық кеңес мүшелеріне аудандағы өзекті саналатын – әскери сынақ полигонына берілген жерлердің бөлігін қайтару, ауданымызға «Қаһарман» атағын беру, Жаңақала ауылдағы сауықтыру орталығының статусын өзгерту (Т.Арыстанбеков – аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы), полигон зардабын шегіп отырған аудан болғандықтан тұрғылықты тұрғындарының зейнеткерлікке шығу жастарын төмендету (Қ.Елемесов – аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы), аудан тұрғындарының денсаулығы, Ұялы ауылына мәдени-спорттық кешенін салу, «Молодость» шекарасын екі жақты өткізу пунктіне ауыстыру, шекараға дейінгі жол, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келетін жас мамандарға төленетін көтермеақы көлемін көтеру, Мұратсай көліне Ресей Федерациясынан жіберілетін су көлемін ұлғайту, киік санын ретке келтіру (аудандық мәслихат депутаттары Л.Қайырғалиева, А.Абдрешова, Б.Жұмағұлова, Ж.Ташуов, А.Нұралиев, Қ.Насимуллин) сынды мәселелерді көтерді. Өз кезегінде, облыстан келген меймандар әр мәселе бойынша жұмыстанатындықтарын жеткізді.

   Жиынды аудан басшысы қорытындылады.