Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні «AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының «Темір Масин» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.
«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалына қарасты «Темір Масин» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Айнұр Абдрешованың ұйымдастыруымен Темір Масин ауылдық округіне қарасты Тереңқұдық ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Кездесуге Темір Масин ауылдық округінің әкімі Қуандық Рашқалиев арнайы қатысты. Іс-шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасы, жүзеге асырылып жатқан партиялық жобалар кеңінен таныстырылып, ауыл тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелері талқыланды.