Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Бөкей ордасы аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Асылбек Нұралиев жүргізді. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары кенесары Нұршинов, аудандық мәслихат депутаттары мен ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:
Хабарламашы: Құрмашев Исатай Рахметоллаұлы – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы;
Хабарламашы: Ғазезов Артур Оқасұлы - Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-інің басшысы;
Хабарламашы: Омарова Нұргүл Жігерқызы – аудандық білім беру бөлімінің басшысы;
Қосымша хабарламашы: Өтешова Ляйла Мұхитқызы – аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы;
Хабарламашы: Омарова Нұргүл Жігерқызы – аудандық білім беру бөлімінің басшысы.
Тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына хаттамалық ұсыныстар берілді.