
Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні «AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттары Б.Джумагулова мен Ж.Ташуов ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу, инфрақұрылым және ауыл тіршілігіне қатысты түрлі мәселелерді көтерді.
Әрбір сұрақ назардан тыс қалмай, тиісті сала мамандарына жолданып, шешу жолдары қарастырылды.