АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

  

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын кең көлемде жүзеге асыру қажеттілігін айтқан болатын. Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау болып табылады.

Осы мақсатта бүгін аудан орталығы Сайқын ауылында арнайы топ ауылдың тазалық жұмыстарына мониторинг жүргізді. Топтың құрамында аудан әкімінің орынбасары К.Нұршинов, аудандық мәслихат депутаттары Ж.Ташуов, Қ.Насимуллин, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы М.Сисенов, аудандық полиция, Сайқын ауылдық округі әкімшілігі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының өкілдері және "Орда жұлдызы" газетінің тілшісі болды.

Мониторинг барысында саябақтар мен мәдениет ошақтары, ауылдың басты көшелер мен қора-қопсы айналасы назарға алынды. Аудан әкімінің орынбасары К.Нуршинов орын алған күл-қоқыстарды ретке келтіру бағытында жұмыстарды жүргізу үшін жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.