Тұрақты комиссияның кезекті отырысы

Тұрақты комиссияның кезекті отырысы

   

Бүгін, 8 сәуір күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында                           Бөкей ордасы аудандық мәслихатының ауданның экономикалық дамуы, ауылды дамыту, бюджетті орынды пайдалану, құқық қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау жөніндегі тұрақты комиссияcының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Бибігүл Жұмағұлова жүргізді. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы Асқар Ажғалиев, аудандық мәслихат депутаттары мен ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары онлайн және офлайн режимінде қатысты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:

  1. Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының орындалуы және алдағы жоспарлары туралы

Хабарламашы: Хайруллин Сүйінбек Жексенбайұлы – аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;

 

  1. Ауылдық округтері орталықтарындағы бұзылған, иесіз үйлерді есепке алып, заңдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар. Республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдарының бойын абаттандыруды (жасыл желектер егу) ұйымдастыру туралы;

          Хабарламашы: Абдуллин Шыңғыс Тұрарбекұлы - Сайқын а/о әкімі;

                                    Құрмашев Кенжебек Асқарұлы  – Бисен а/о әкімі;

                                     Айтқалиев Әлібек Қанатбайұлы – Орда а/о әкімі.

   Тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына хаттамалық ұсыныстар берілді.