
Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Орал қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарымен және қоғам өкілдерімен кездесуі өтті.
Жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Батыс Қазақстан облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары мен төрағалары, зиялы қауым, Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблея өкілдері, әкімдік мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Біздің ауданымыздан аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева барып қатынасты.
Кездесу барысында республикалық деңгейде шешілуі қажетті өзекті мәселелер және жалпы қоғамға қатысты заңнамалық актілер қабылдау немесе өзгерістер енгізу туралы сұрақтар мен ұсыныстар айтылды