Зейнеткерлікке шығуына орай құттықтау

Зейнеткерлікке шығуына орай құттықтау

   Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Бөкей ордасы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Рамазанова Светлана Қадемиқызының зейнеткерлік жасқа толуына орай салтанатты жиналыс өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасарлары және аудан орталығындағы мекеме басшылары қатынасты.

   Мерейтойы иесін аудан әкімі Н.Даумов әріптестері және аудан жұртшылығы атынан құттықтап, бір салада ұзақ жылдар бойы атқарған еңбегін ерекше атап өтіп, сый-сыяпат көрсетті.

    Өз кезегінде сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Л.Қайырғалиева да С.Рамазановаға өзінің және  аудандық мәслихат депутаттары атынан құттықтауын жеткізіп, мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы қажырлы еңбегіне алғысын білдіріп, еңбегінің зейнетін көруді тіледі.