Зейнеткерлікке шығарып салу

Зейнеткерлікке шығарып салу

Бөкей ордасы аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы лауазымында 17 жыл абыройлы қызмет атқарған Хамзин Нұрлыбек Жексенбайұлы зейнеткерлікке шықты.

    Аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева  Нұрлыбек Жексенбайұлына  ақ жарқын ниетпен тілегін айтып, естелікке шағын сыйлық табыстады.

Нұрлыбек Хамзиннің  еңбек жолында өз ісіне деген адалдығымен, жоғары жауапкершілігімен және адамгершілік қасиеттерімен әріптестерінің құрметіне бөленіп, аудандық мәслихат аппаратының қызметін сапалы ұйымдастыруға, мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі ерекше.

Нұрлыбек Жексенбайұлы! Сізге көп жылғы адал еңбегіңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Зейнеткерлік кезеңіңіз жаңа мүмкіндіктерге, қуанышты сәттерге, отбасыңызбен бірге өткізетін бақытты күндерге толы болсын!