ҚҰТТЫҚТАУ

ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті аудандық «Орда жұлдызы» редакциясының ұжымы!

   Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттары атынан шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз!

    Қоғам мен билік арасындағы алтын көпірге айналған журналистика – жауапкершілігі зор, мәртебелі мамандық. Сіздер ауданымыздың тыныс-тіршілігін дер кезінде халыққа жеткізіп, елдің бірлігі мен ынтымағын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын насихаттауға сүбелі үлес қосып келесіздер.

   Аудандық «Орда жұлдызы» газетінің ұжымы өз кәсібіне адалдық танытып, оқырман сеніміне ие болып келеді. Ақпараттың нақтылығы мен шынайылығын басты ұстаным еткен еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалауға лайық.

    Осы айтулы мереке күні сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, қажырлы еңбектеріңізге толайым табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Қаламдарыңыз ұштала берсін, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Құрметпен,
Лариса Қайырғалиева
Бөкей ордасы аудандық мәслихат төрағасы