
Жасанды интеллектті тиімді пайдалану бойынша ағымдағы жылы маусым айының 23-25 күндері аралығында үш күндік оқу семинары өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының базасында аудандық мәслихат депутаттарына арналған «Жасанды интеллектті тиімді пайдалану» тақырыбында үш күндік оқу семинары ұйымдастырылды.
Оқу семинарына біздің ауданымыздан аудандық мәслихат депутаттары Абдрешова А.М., Мамаев Т.Р., Насимуллин Қ.Қ., Ташуов Ж.Е. қатысты.
Оқу барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерімен танысып, оларды мемлекеттік басқару, депутаттық қызмет, құжат айналымы, ақпараттық-талдау жұмыстары және тұрғындармен кері байланысты нығайту бағыттарында қолдану тәсілдерін меңгерді.
Семинар аясында жасанды интеллект құралдарын тәжірибеде пайдалану, сапалы контент әзірлеу, ресми құжаттар мен ақпараттық материалдарды дайындау, деректерді өңдеу және заманауи цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері кеңінен қарастырылды.
Мұндай білім беру бағдарламалары депутаттардың кәсіби біліктілігін арттырып, халықпен жұмыстың тиімділігін күшейтуге және заманауи цифрлық шешімдерді қызмет барысында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.