
23 маусым күні аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен аудан бойынша ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі штабтың отырысы өтті. Штаб отырысына аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық мекеме басшылары мен ауылдық округтер әкімдері қатынасты. Жиынның күн тәртібінде 2026-2027 жылдарға қысқы мал азығын дайындау, "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Хайруллин хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі өзекте мәселелер штабта талқыға салынып, шөптің бағасын тұрақты ұстау, ауылдық округтерде құралған кооперативтерді "Ауыл аманаты" жобасына тарту, орын алған эпизоотиялық жағдай бойынша қабылданған қажетті шаралар жөнінде жауапты мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.