
Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен жоғары кәсібилікті талап ететін абыройлы міндет. 23 маусым - мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері, 24 маусым - судья және сот саласы қызметкерлері күніне орай 23 маусым күні аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын, «Мемлекет мүддесі жолында» атты мерекелік концерт өтті.
Алдымен аудан әкімі Нұрлыбек Даумов сөз алып, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына қызмет етіп жүрген жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, әр салада еселі еңбек жүрген кәсіби мереке иелерін облыс, аудан әкімдері атынан марапаттады.
Құттықтауды аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева жалғастырып, аудан прокуроры Жұмабай Ермеков, аудандық полиция бөлімінің бастығы Бақберген Молдағалиевпен бірге мемлекетіміздің гүлденуі, қоғамымыздың тыныштығы мен бейбіт те әділетті өмірімізді қамтамасыз ету жолында еселі еңбек етіп жүрген қызметкерлерді марапаттады.
Мемлекеттік қызметке жаңадан кірген жас мамандар салтанатты түрде ант қабылдап, салтанатты жиын мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері, аудандық демалыс орталығы көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама ұласып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.