
Бүгін 29 сәуір күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Бөкей ордасы аудандық мәслихатының ауданның экономикалық дамуы, ауылды дамыту, бюджетті орынды пайдалану, құқық қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Бибігүл Жұмағұлова жүргізді. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы Асқар Ажғалиев, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов және тиісті сала басшылары мен ауылдық округтер әкімдері қатысты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:
Хабарламашы: Еркіналиев Қуанышбек Борисұлы – аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы
Хабарламашы: Абдуллин Шыңғыс Тұрарбекұлы – Сайқын а/о әкімі
Тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, тиісті сала басшыларына хаттамалық ұсыныстар берілді.