Тұрақты комиссия отырысы

Тұрақты комиссия отырысы

    Бүгін, 29 сәуір күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында                 Бөкей ордасы аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Асылбек Нұралиев жүргізді. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы Асқар Ажғалиев, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов және тиісті сала басшылары, ауылдық округтер әкімдері (офлайн, онлайн)  қатысты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:

  1. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы

Хабарламашы: Омарова Нұргүл Жігерқызы – аудандық білім беру бөлімінің басшысы;

  1. Ауданда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалар қылмысының алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы

Хабарламашы: Омарова Нұргүл Жігерқызы – аудандық білім беру бөлімінің басшысы;

Қосымша хабарлама жасаушы: Сертеков Дәурен Жұмағалиұлы – аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары

    Тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, тиісті сала басшыларына хаттамалық ұсыныстар берілді.