
Ағаш егу – қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолдарының бірі. Ол ауаның сапасын жақсартып, климаттың өзгеруіне қарсы күресуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, жасыл желектер қала келбетін көркейтіп, тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде сәуір айының үшінші онкүндігі аталып өтілетін «Бүкілқазақстандық ағаш егу» шарасы шеңберінде Сайқын ауылындағы «Күйшілер саябағында» 25 сәуір күні сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері мен аудан орталығындағы аудандық мәслихат депутаттары да қатысты. Осы бағытта ауылдық округтер орталықтарында өткен сенбіліктерге де ауылдық округтердегі аудандық мәслихат депутаттары да қатынасты.