Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 37-ші сессиясы

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 37-ші сессиясы

Бүгін, 17 сәуір күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында  Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 37-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева жүргізді. Сессияға  аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов,  аудандық мәслихат депутаттары, тиісті сала басшылары және ауылдық округтер әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне төмендегіше мәселелер ұсынылды:

  1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы №8-1 «Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Дәуленов Дәурен Жасқайратұлы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;

 

  1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының  әлеуметтік саясаты, денсаулық сақтау,             білім беру, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссиясының                   2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі;

Хабарламашы: Нұралиев Асылбек Мәлікұлы – аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы;

 

  1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының  ауданның экономикалық дамуы, ауылды дамыту, бюджетті орынды пайдалану, құқық қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау  жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі;

Хабарламашы: Жұмағұлова Бибігүл Мұқасқызы – аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы.

    Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, аудандық мәслихат депутаттары ұсынылған мәселелердің шешімдерін бірауыздан бекітті.