МЕРЕЙЛІ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

МЕРЕЙЛІ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

14 сәуір күні аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков Сайқын ауылының тұрғыны бірнеше жыл ауыл шаруашылығы саласында, «Орда жұлдызы» газетінде, кино жүйесінде, кейіннен Сайқын селолық советіне депутат болып сайланып, селолық атқару комитетінің хатшысы болған Амангелді Мақсотов мерейлі 80 жасымен арнайы шаңырағына барып, құттықтады.

Өз кезегінде Амангелді Мақсотұлы құттықтап келген барша жандарға алғысын жаудырып, ел бүгіні мен ертеңі жарқын болсын, - деген батасын берді.