ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Бүгін 14 сәуір күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңесті аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесов жүргізді. Кеңес отырысына аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері және ауылдық округтер әкімдері мен тиісті сала басшылары (онлайн және офлайн режимінде) қатынасты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы №8-1 «Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Хабарламашы: Дәуленов Дәурен Жасқайратұлы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;

  1. Аудандық электро торабының 2025 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы;

Хабарламашы: Оңаев Самат Қайырлыұлы  – аудандық электро торабының бастығы;

  1. Аудандық жер қатынастары бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы;

Хабарламашы: Қайыров Абзал Нұрланұлы – аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы.

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша шешімнің жобасы бірауыздан мақұлданып, аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге жолданса, екінші және үшінші  мәселелер бойынша – кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округтер әкімдеріне хаттамалық ұсыныстар берілді.