АУЫЛ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСУ....

АУЫЛ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСУ....

Темір Масин ауылдық округі бойынша округ әкімі К.Е.Рашкалиевтің бастамасымен ауыл халқымен кездесу өтті.

Кездесуге қатысушылар: ауыл әкімі К.Рашкалиев, учаскелік полиция қызметкері М.Умбеталиев, ауылдық ветеринария пунктінің меңгерушісі А.Мырзагалиева, аудандық мәслихат депутаты А.Абдрешова, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары

Жиналыс барысында бір қатар мәселелер қозғалып, ауылымызға қатысты барлық мәселелер қамтылды. Атап айтқанда «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер өткізу, ауылды абаттандыру, терек отырғызу, ауыл келбетін көріктендіру, экологиялық жағдайын жақсартып, санитарлық нормаларға сәйкестендіру,«Заң мен тәртіп», мал бағымын ұйымдастыру, малдарын ектіру,«Ауыл аманаты» акциясы аясында несие алу, қайтарымсыз грант алуға және қазіргі таңда болып жатырған әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпарат айтылып халық арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар көкейдегі сұрақтарын ашық жолдап, қанағаттанарлық жауаптар алды.