
Бүгін Бөкей ордасы ауданында республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында ел өміріндегі маңызды саяси науқанда жоғары белсенділік танытқан бірқатар азаматтар мен азаматшаларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, сондай-ақ партия төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың Алғыс хаттары табысталды.
Бұл марапат – әрбір азаматтың еңбегіне берілген лайықты баға. Қоғамдық белсенділік пен жауапкершіліктің арқасында маңызды саяси науқан жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Шараға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық партия филиалының төрағасы Жалғас Ташуов, партия ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері және белсенді жастар қатысты.
Сөз алған партия ардагерлері референдумның ел болашағы үшін маңызды саяси қадам екенін атап өтіп, оған қатысқан әрбір азаматтың үлесі зор екенін жеткізді.
Референдум қорытындысы – ел бірлігі мен ынтымағының айқын көрінісі.