КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Елімізде көп балалы отбасыларды қолдау – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағытта көп балалы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету, мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер тағайындау, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, салықтық жеңілдіктер беру, сондай-ақ аналар мен балалардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған өзге де әлеуметтік қорғау шаралары жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 26 ақпандағы №1184 Жарлығына сәйкес жеті бала дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін «Алтын алқа», алты бала дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін «Күміс алқа» марапатталған болатын.

Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімі Нұрлыбек Даумов аталған Жарлыққа сай, марапатталған аналарды қабылдап, құрмет көрсетіп, марапаттарын табыс етті. Атап айтар болсақ, «Алтын алқамен» Хан ордасы ауылының тұрғыны З.Губашева , «Күміс алқамен» Сайқын ауылынан Ж.Абдрешова мен Саралжын ауылынан Ж.Кулбаева.

Салтанатты шарада аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева да ақжарма тілегін жеткізіп, балаларының амандығын тіледі.

Құрметке иелеген көп балалы аналар ұйымдастырушыларға рақметін жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.