АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ АУДАН ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ АУДАН ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУІ

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 36-шы сессиясы аяқталған соң аудандық мәслихат төрағасы Лариса Тельманқызы бастаған аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімі Нұрлыбек Даумовпен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Азамат Мұхамбетжанов та қатысты.

    Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаттары                        Бибігүл Жұмағұлова мен Қайрат Насимуллин ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларында Сайқын ауылдық округінің тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізгендіктерін айтып, тұрғындардың жалпыға бірдей ортақ мәселелерді көтеріп, көмек сұрағандықтарын жеткізді. Қабылдауда болған тұрғындардың көтерген мәселелері: аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Орда» МКК-нің арнайы техникалары қыстақтарға баратын жолдарды ақылы түрде қардан аштыруды ұйымдастыру және аталмыш мекеме жұмысшыларының жалақысы көтеру немесе штат санын көбейту, материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға қаржы көздерін қарастыру, Сайқын ауылындағы электр жарығы желілері мен ауыз су құбырларының жиі ақауларының  шығу жағдайлары, «Мәмбет» ауылы тұрғындарына ауыз су тасымалдау.

Аудан әкімі Н.Даумов аудандық мәслихат депутаттарына көтерілген мәселелер бойынша нақты мәліметтерімен таныстырып, аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Орда» МКК-нің қазіргі таңдағы жағдайын айтып өтті. Сонымен қатар, аудан басшысы ауыл тұрғындарын өзінің жеке қабылдауына да келуге шақырды.