
Аудандық коалиция мүшелері Бөкей ордасы аудандық колледжі ұжымымен және студент жастарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында коалиция мүшелері ел дамуына бағытталған бастамалар, Жаңа Конституция жобасының негізгі басымдықтары мен оның қоғам өміріндегі маңызы туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиында білім беру саласына қатысты өзгерістер, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, әділетті қоғам құру бағытындағы нақты қадамдар талқыланды. Студенттер өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.
Кездесу ашық форматта өтіп, өзара пікір алмасуға негізделді. Коалиция мүшелері жастардың белсенділігі мен ел болашағына деген жауапкершілігін ерекше атап өтті.