
Аудандық коалиция мүшелері ауыл тұрғындарымен экспромт форматында кездесу өткізді. Кездесу барысында елдегі өзекті мәселелер, Жаңа Конституция жобасының маңызы және қоғамдағы өзгерістер кеңінен сөз болды.
Коалиция мүшелері реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, олардың халықтың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.
Ауыл тұрғындары да белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салды, сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Ашық әрі еркін форматтағы бұл кездесу өзара түсіністік пен пікір алмасуға негіз болды.