
Аудандық коалиция мүшелері Мұратсай ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын кеңінен түсіндірді.
Жиын барысында Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің мән-маңызы, оның ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосар үлесі туралы жан-жақты айтылды. Коалиция мүшелері реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру, халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын нығайту екенін атап өтті.
Ауыл тұрғындары өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, ұсыныстар мен ой-пікірлер ортаға салынды.